Жарнама
Жарнама

«Каспий» кезекті жеңісіне қол жеткізді

03.04.2022, 21:57
Ақтаулық клуб жеңілістің не екенін білмеуде.
Жарнама
Жарнама

Ақтаулық «Каспий» футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында шымкенттік «Ордабасыдан» басым түсті. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 7-минутында «Ордабасының» қорғаушысы Карам Сұлтанов өз қақпасына гол соғып алды, бірақ екі минуттан кейін беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский есепті теңестірді. Ал 35-минутта «Каспийдің» бразилиялық ойыншысы Руан Телеш жеңіс голын соғып кетті. Ойынның 61-минутында шымкенттік клубтың қорғаушысы Евгений Чаговец қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 4-тур

«Каспий» – «Ордабасы» – 2:1

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Тарас Бондаренко, Артём Барановский, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Еркебұлан Нұрғалиев (Қуандық Нұрсұлтанов 61), Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ, Руан Телеш;

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Евгений Чаговец, Самат Шәмші (к) – Виктор Брага, Александр Батищев – Эльхан Астанов (Аслудин Хаджиев 69), Серж Ньюадзи, Всеволод Садовский;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров