Футболдан Бірінші лигада топ басында келе жатқан «Каспий» клубы мерзімінен бұрын Премьер-лигаға шығуға жақын тұр. Осы орайда клубтың баспасөз қызметі Aladop.kz сайтына алдағы маусымда қай стадионда ойнауы мүмкін екендігіне қатысты сұраққа жауап берді.
Өткен аптада ҚФФ отырысында Бірінші лиганың 3 командасы Премьер-лигаға шығады деп ресми жариялады. Бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыздар? Алдын ала біліп пе едіңіздер? Клуб барлық талаптарды орындауға дайын ба?
- Премьер лигада 16 команда болатындығы туралы мәліметті жақында ел қатарлы естідік. Әзірге оған бірнәрсе деп айту қиын. Өйткені біздің Бірінші лигадағы миссиямыз әлі аяқталмады. Әйтсе де Премьер лигадағы талаптарды келер маусымда толықтай орындауға дайын десек те болады. Жергілікті әкімшілік және спорт басқармасымен «Жас Қанат»стадионын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі тыңғылықты талқыланып жатыр», - деді «Каспий» футбол клубының баспасөз қызметшісі Бақытжан Бозабаев.
Айта кетейік, «Каспий» клубы 2023 жылы Премьер-лигада 13-орын алып төмендеген еді. Ал өткен маусымда олар соңғы турға дейін жолдамаға таласқанымен, Жоғарғы лигадан тыс қалған болатын.
Біздің серіктес: FONBET