Жарнама
Жарнама

«Каспий» клубының директоры: «Төреші бізден пара сұрады»

02.05.2022, 16:40
Ақтаулық клубтың директоры жағдайды бұлай қалдырмайтынын мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

«Каспий» футзал клубының директоры Ержан Жаңбыров бас төреші Аслан Галаевтің пара сұрағанын хабарлап, «Атыраумен» өткен ойындағы төбелестің себебін айтты.

«Мен бірден айтамын: жанкүйерлердің бұған мүлдем қатысы жоқ. Жаппай төбелеске себепкер болғандардың бірі біздің клубтың қызметкері болды, ол ертең-ақ жұмыстан шығарылады.

Бірақ мен сіздің назарыңызды мынаған аударғым келеді. Ойын басталар алдында төрешілердің бірі Аслан Галаев әкімшімізге келіп, белгілі бір көлемде сыйақы берсе, матчта сапалы қызмет көрсететінін ашық айтты.

Бірақ біз мұндай ойындарды ойнамаймыз, сондай-ақ бұл мәселені жабық күйде қалдырмаймыз! Төрешілер ойын тізгінін бақылаудан шығарып алғандықтан, төбелес басталды деп ойлаймын.

Тағы бір мәселе бар. Бұл жағдайға байланысты ҚФФ шешімі болмаса, неге бүгін «Атыраумен» екінші матчты көрерменсіз өткізуге тура келді», - деді Жаңбыров.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров