Ақтаудың мақтанышы – "Каспий" футбол клубы келесі маусымда Қазақстан Премьер лигасында ойнайтынын ресми түрде қамтамасыз етті.
23-турда өткен кездесуде Руслан Эсатов жаттықтыратын команда "Ақтөбе-М"-ны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, маусым аяқталмай жатып жоғарғы лигаға жолдама алды.
Қазір Ақтаулықтардың қоржынында 59 ұпай бар, бұл көрсеткіш оларға үш тур қалғанда-ақ Премьер лигаға тікелей шығуға мүмкіндік берді.
"Каспий" тек жоғарғы лигаға оралып қана қоймай, Бірінші лиганың чемпиондығына да басты үміткер болып отыр. Команда маусым соңына дейін көшбасшылықты сақтап қалса, Премьер лигаға чемпион ретінде барады.
Біздің серіктес: FONBET