Жарнама
Жарнама

«Каспий» македониялық қақпашыны қатарға қосты

04.02.2022, 17:00
Қақпашы өткен жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жарнама
Жарнама

Солтүстік Македония құрамасының 23 жастағы қақпашысы Ристо Янков «Каспийге» ауысты, деп хабарлайды Makfudbal басылымы.

Ристо Янков – Скопье қаласындағы «Работнички» клубының түлегі, 2015 жылдан қазірге дейін осы команданың намысын қорғап келді. Одан бөлек, жеркілікті «Локомотив» клубында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті.

Янков 2021 жылдың наурыз айынан бастап Солтүстік Македония құрамасына тұрақты түрде шақыртыла бастады, сонымен қатар 2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Алайда, осы күнге дейін ұлттық құрама сапында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Бұған дейін Ристо Солтүстік Македонияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров