Жарнама
Жарнама

«Каспий» маусымның соңына дейін өз алаңында көрермендерсіз ойнайды 

24.09.2021, 22:56
ҚКФЛ ақтаулық клубқа қатаң жаза қолданды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуіне байланысты көрермендердің орынсыз әрекеттері үшін, яғни кездесудің ресми тұлғаларына балағат сөздер айтқаны, қарсыластар команданың ойыншыларына бөтелке лақтырғаны және жанкүйерлердің алаңға шыққаны үшін "Каспий" ФК ағымдағы футбол маусымының соңына дейін OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының өз алаңындағы ойындарын көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынғаны туралы хабарлайды.

Естеріңізде болса, бұл жағдай Қазақстан Кубогінің ширек финалындағы "Каспий" мен "Астана" арасындағы кездесуден кейін орын алған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров