Жарнама
Жарнама

«Каспий» мен «Астана» тең түсті

30.05.2021, 00:45
«Каспийдің» өз алаңында кез-келген командадан ұпай тартып алатын қауқары бар
Жарнама
Жарнама

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші турында "Астананы" қабылдады. Матч Ақтау қаласындағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 8-минутында Тигран Барсегян әріптесінен тамаша пас алып, есеп ашты. Ал 31-минутта Роман Мұртазаев алыстан соққы бағыттап көрген еді, қақпашы Марко Милошевич өрескел қателікке бой алдырып, екінші голды жіберіп алды. Бірақ 52-минутта Талғат Кусяпов есеп айырмасын қысқартты. Сегіз минуттан кейін Аслан Дарабаев айып алаңның сыртынан соққы жасап, тоғыздықты дәл көздеді.

Бұл ойыннан кейін елордалық клуб 34 ұпаймен көш басында қала берді. 20 ұпайы бар "Каспий" алтыншы орынын сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров