Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турында «Каспий» мен «Тұран» үш ұпайды сарапқа салды. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен кездесуде 0:2 есебімен түркістандық команда жеңіске жетті.
Матчтың 20-минутында Санжар Сатанов «Тұранды» алға шығарды. Он минуттан кейін Абдуллай Диакатеде есепті еселейтін мүмкіндік болды. Бірақ сенегалдық футболшы пенальтиді пайдалана алмады. Дегенмен 37-минутта «Каспий» қақпашысы Нұрлыбек Аязбаев өз қақпасына гол соғып алды. Ақтаулық клубтың мұндай жеңілісіне 29-минутта Думан Нәрзілдаевтың қызыл қағаз алуы себеп болды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 15-тур
«Каспий» – «Тұран» – 0:2
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Артём Барановский (Бақдәулет Көңлімқос 62), Тарас Бондаренко (Ерлан Қадырбаев 79), Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Рати Ардазишвили – Арман Нүсіп (Нияз Шұғаев 46), Аслан Әділ (Виктор Дмитренко 46), Павел Киреенко (Бекзат Қабылан 67), Еркебұлан Нұрғалиев;
«Тұран»: Ержан Тоқотаев (қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (к), Қасымжан Таипов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Санжар Сатанов (Рахат Үсіпханов 81) – Алияр Мұхаммед, Шохан Абзалов (Куаныш Дуйсенбекұлы 36), Самир Фазли (Бақдәулет Зульфикаров 82);
Біздің серіктес: FONBET