Жарнама
Жарнама

“Каспий” Премьер-лигадан үмітті ұжымдар қатарынан ба?

Ақтаулық “Каспий” командасы жаңа бапкер Қуаныш Қабдоловтың тізгінінде өткізген Бірінші Лиганың 7 кездесуінің барлығында дерлік жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

8 тамызда “Каспидің” ресми түрде бапкері атанған Қуаныш Қабдоловтың қызметі барысында атқарған жұмысы жақсы бағаланып келеді. Клуб тізгінін ұстаған сәттен бастап маңғаз мекен ұжымын Премьер-лигаға алып шығудағы мақсатын айқындаған бапкер сөзін ісімен дәлелдеп келеді деуге болады. Дебютты кездесуінде Түркістан командасымен 2:2 есебімен тең тарқасқан “Каспий” қатарынан 6 ойында жеңіске жетті. Қабдолов шәкірттері “Жетісай” мен “Тараздың” өзің қарсылас көрмей көш басындағы “Оқжетпес”, “Ұлытау” клубтарын бір сескендіріп алды. Міне бүгін Ақтау командасы ішкі чемпионаттың турнирлік кестесінде екінші орында келе жатқан “Қайрат 2” ұжымымен болған тартысты кездесуде 4:2 есебімен айласын асырды. Матч барысында Қуаныш Қабдолов баптайтын клуб сапынан Рамазан Кәрімов, Дамир Марат, Никита Стрижков және Муроджон Хадматов бір-бір голды өз атына жазды. Алдағы күндері “Каспиді” Бірінші лига аясында 5 ойын күтіп тұр. Портты мекен командасы “Екібастұз”, “Ақжайық”, “Алтай”, “Хан Тәңірі” және “Арыс” клубтарымен бақ сынасады. Турнирдің көшбасындағы командалармен салыстырғанда, күнтізбесі атап айтарлықтай ауыр емес. Егерде бапкер осы қалпынан тайдыртпай команданың жеңісті жолын жалғастырса, “Каспий” жоғары біріншілікке шыға алады. Әлі де мүмкіндік бар. Тек Ақтаулық жанкүйерлерге сену қажет! Дәл қазіргі сәтте көк-ақтар 46 ұпаймен кестеде 4 орында келеді. Көш басындағы командаға жету үшін “Каспиге” 6 ұпай жеткілікті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: