Қазақстан Бірінші лигасының 21-турының орталық матчында «Каспий» клубы өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші лигада чемпиондыққа үміткер болған қос ұжымның арасындағы тартысты ойында бірінші таймның соңғы минутында үздік сұрмерген Мирас Тұрлыбек алаң иелерін алға шығарды. Ал екінші таймның басында Бақдәулет Көңлімқос таблодағы есепті арттырды. Қалған уақытта қонақтар тараз басын теңестіруге шамасы жетпеді.
Осы жеңістен кейін «Каспий» 53 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Сондай-ақ команда алдағы бір ойында тең түсіп немесе жеңіске жетсе, автоматты түрде Премьер-лигаға жолдама алады. Ал Ertis клубы 48 ұпаймен екінші орында қалды.
Айта кетейік, бүгін ҚФФ отырысында келесі маусымда Бірінші лиганың 1-3-орын алған ұжымдары Премьер-лигаға шығады деген шешім шығарған еді.
Біздің серіктес: FONBET