25 жастағы ресейлік шабуылшы Давид Караев "Каспийдің" оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.
"Юность" пен мәскеулік "Спартактың" тәрбиеленушісі Давид Караев өзінің мансабын 2013 жылы "СКА-Энергияда" бастаған. Ол "Нефтехимик", "Торпедо", владикавказдық "Спартак", "СКА Ростов", "Химки" және "Камаз" клубтарында ойнады.
Өткен жылы ол "Уралға" ауысып, РПЛ-да дебют жасады. Жалпы 6 матч өткізді. Әзірбайжанның жасөспірімдер құрамасында бір матчқа қатысты. Ресейлік шабуылшының трансферлік құны 300 мың еуроға бағаланады.
Біздің серіктес: FONBET