Жарнама
Жарнама

«Каспий» сербиялық қорғаушымен келіссөздер жүргізуде

17.02.2021, 01:46
Футболшы өткен маусымда «Ақтөбе» клубының намысын қорғады.
Жарнама
Жарнама

23 жастағы сербиялық қорғаушы Никола Цукич "Каспий" сапында жаттығып жүр, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Никола Цуцкич мансабын 2014 жылы ОФК клубында бастаған. Ол сонымен қатар сербиялық "Младост", "Земун" және "Явор" клубтарында ойнады. Өткен маусымда ол Бірінші лигада "Ақтөбе" сапында өнер көрсетті. 8 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 1 сары қағаз алды.

Оның "Екібастұз" қақпасына соққан голы "Ақтөбеге" жеңіс әкелді. Сербиялық қорғаушының трансферлік құны 150 мың еуроға бағалануда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров