«Каспий» Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші турында «Шахтермен» үш ұпайды сарапқа салды. Ақтаудағы «Жас Қанат» стадионында өткен матч 4:0 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапында Никола Цуцкич 14-минутта есеп ашты. 64 және 73-минуттарда бразилиялық жартылай қорғаушы Руан Телеш мергендік танытты. Ал 86-минутта Алмас Арменов матчтың нүктесін қойды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 8-тур
«Каспий» – «Шахтер» – 4:0
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) (к) – Мақсат Тәйкенов, Артём Барановский, Тарас Бондаренко, Никола Цуцкич – Думан Нәрзілдаев, Шафик Тигруджа, Рати Ардазишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ, Руан Телеш;
«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов, Иван Граф, Владимир Хозин, Кирилл Маляров, Павел Назаренко – Роджер Каньяс, Стефан Букорац, Амир Адуев, Абылайхан Назымханов – Николай Ковталюк;
Біздің серіктес: FONBET