Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында "Ақтөбе" мен "Каспий" комардалаиы үш ұпайды сарапқа салды. Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында өткен матч 1:5 есебімен аяқталды.
Кездесудің 33-минутында Аслан Дарабаев тікелей айып добынан гол соқты. Бірінші тайм аяқталар тұста Ненад Гаврич есепті еселеді. Ал 51-минутта Рамазан Кәрімов командасының үшінші голын соқты. 60-минутта Шафик Тигруджаның алыстан жерлете бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. Дегенмен 85-минутта Максим Самородов жұбаныш голын соғып еді, үш минуттан кейін Алексей Залеский есепті 5:1-ге жеткізді.
Маусым бойы 33 ұпай жинаған "Ақтөбе" жетінші орынға ие болды. Бір ұпайы кем ақтаулықтар бір саты төменде тұр.
Біздің серіктес: FONBET