"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының он бесінші турырда "Каспийді" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:1 есебімен ақтаулық клубтың пайдасына шешілді.
Ойынның 18-минутында Шафик Тигруджа алыстан өте жойқын соққы бағыттап, чемпионаттағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Ал 64-минутта Айбар Жақсылықов пенальтиден гол соға алмады.
"Жетісу" бұл ойыннан кейін 10 ұпаймен он екінші орында қала берді. Ал ақтаулық клуб 23 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET