"Каспий" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Тұранды" ірі есеппен жеңді. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 4:0 есебімен аяқталды.
Кездесудің 26-минутында есеп ашқан Руслан Мингазов сегіз минуттан кейін дубль авторы атанды. Ал бірінші таймның аяқталуына үш минут қалғанда Рамазан Кәрімов командасының үшінші голын соқты. 80-минутта Бекзат Қабылан көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды.
Сенімді түрде жеңіске жеткен ақтаулық клуб үш ұпаймен Д тобында бірінші орынға көтерілді. "Қайрат" екінші орында тұр (3 ұпай). Ұпайы жоқ "Жетісу" мен "Тұран" соңғы орындарға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET