Украиналық шабуылшы Максим Марусич "Каспий" клубының ойыншысы атанады.
Медициналық тексеруден өткеннен кейін 27 жастағы ойыншы жыл соңына дейін Ақтаулық клубпен келісімшартқа отырады. Марусич «Каспийге» еркін агент ретінде қосылмақ.
Латвияда Марусич РФШ және "Елгава" командаларында ойнады (42 матч, 19 гол және 5 пас). Украиналық шабуылшы Литвада да «жарқырап» үлгерді - "Лиетава" клубында 32 ойында 8 гол және 6 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET