28 жастағы орталық қорғаушы Тарас Бондаренко ақтаулық "Каспийге" қайта оралды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич бұл қорғаушының мүмкіндіктерн жақсы біледі. Өйткені Благоевич өткен маусымда Қазақстан чемпионатының бастапқы үш турында Бондаренкомен бірге жұмыс жасаған еді.
Алайда, жазғы трансферлік терезе кезінде Бондаренко "Оқжетпеске" ауысу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың қаңтар айында украиналық қорғаушы қайтадан "Каспий" ойыншысы атанды. Бондаренко ақтаулық клубтың оқу-жаттығу жиынында "Вереске" қарсы жолдастық кездесуге қатысты.
Біздің серіктес: FONBET