Ақтаулық «Каспий» Виктор Дмитренко, Рати Ардазишвили және Арман Нүсіппен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
30 жастағы қорғаушы Виктор Дмитренко краснодарлық «Кубаньның» түлегі. 2012 жылы «Астанамен» келісім-шартқа отырып, легионер болып саналмас үшін бірден Қазақстан азаматтығын алды. Сол жылы ол Қазақстан құрамасы сапында дебют жасап, содан бері 18 ойын өткізді. Қорғаушы «Ақтөбе», «Тобыл», «Атырау», «Шахтер» және «Ордабасы» командаларында да өнер көрсетті.
24 жастағы Рати Ардазишвили грузиялық «Локомотивтің» түлегі. Бұған дейін жартылай қорғаушы украиналық «Рух» және грузиялык «Чухура» сияқты клубтарда доп тепкен. Ойыншының соңғы клубы грузиялық «Телави» болды, ол аталмыш командада 24 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Арман Нүсіп 2021 жылдың шілдесінен желтоқсан айына дейін «Каспийдің» намысын қорғады. Ал өткен маусымда 28 жастағы вингер «Таразда» жалдау шарты бойынша ойнады (11 матч, 1 гол, 1 нәтижелі пас).
Біздің серіктес: FONBET