Жарнама
Жарнама

«Каспий» жаңа маусымдағы екінші трансферін жасады

05.02.2022, 21:02
Футболшы өткен жылы талдықорғандық клубтың негізгі ойыншысы болды.
Жарнама
Жарнама

Ақтаулық «Каспий» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Әділмен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді.

Аслан оң қапталдағы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Ол «Жетісудың» түлегі болып табылады. Өткен жылы талдықорғандық клуб сапында Премьер-лигадағы дебютін жасады. Содан бері 29 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Еске салайық, ақтаулық клуб бұған дейін «Қайсардың» капитаны Думан Нәрзілдаевты қатарға қосқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров