Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» осы маусымдағы ең үздік сұрмергені командадан кетті

01.07.2021, 00:24
Шабуылшы осы маусымда алты гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Ақтаулық "Каспий" 26 жастағы ресейлік шабуылшы Давид Караевтың командадан кететіндігін мәлімдеді. "Урал" клубының футболшысы "Каспий" сапында жалдау шарты бойынша ойнаған еді.

Шабуылшыға ресейлік клубтан жақсы ұсыныс түскені хабарланды.

Давид Караев Премьер-лиганың осы маусымдағы барлық 18 матчына қатысты. Ресейлік шабуылшы 6 рет гол соқты және қазіргі уақытта "Каспийдің" үздік сұрмергені болып табылады. "Каспийде" Караевтың жалға алу мерзімін ұзарту мүмкіндігі болғанымен, олар бұл нұсқадан бас тартты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров