Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» сербиялық қақпашысы командадан кетті

12.01.2022, 16:18
Тәжірибелі қақпашы мансабын Қазақстанның басқа клубында жалғастырады.
Жарнама
Жарнама

30 жастағы сербиялық қақпашы Марко Милошевич өзінің Instagram парақшасында «Каспийден» кеткенін хабарлап, ақтаулық жанкүйерлермен қоштасты.

«Қоштасатын кез келді, көзді ашып-жұмғанша екі жыл өтіп кетті. Мен клубтың барлық жанкүйерлері мен қызметкерлеріне рахмет айтқым келеді, сонымен қатар ойыншыларға да айтар алғысым шексіз. Олар менің отбасыдай болды және мен өзімді үйдегідей сезіндім, бұл үшін сіздерге көп рахмет. Бірге өткізген барлық сәттер үшін, маған сыйлаған достық үшін рахмет, мен оны ешқашан ұмытпаймын. Бірліктерің ажырамай, мықты болыңдар! Сәттілік тілеймін және жақын арада кездескенше», - деп жазды сербиялық қақпашы.

Марко Милошевич «Каспий» сапында 2020 жылдың ақпан айынан бері ойнап келеді. Барлық турнирлерде 44 матчқа қатысып, 66 гол жіберіп алды.

Бұған дейін қақпашының елордалық «Астанаға» ауысатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров