"Каспийге" жыл соңына дейін әкімдіктен қосымша қаражат бөлінбейді

17.04.2024, 10:32

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сенсек, "Каспий" командасы осы күнге дейін бөлінген қаражат есебінен маусымды аяқтайды.

Команда жылдың қалған айларында қосымша қаржыландырылмайды. Естеріңізде болса, Ақтау қаласының тұрғыны Маңғыстау облысы әкімінің Тelegram-арнасына "Каспий" клубына байланысты шағым жолдаған еді. Онда Ақтаулық команда 3 айда 600 миллион теңгені жұмсады делінген. "Футбол клубына не үшін соншама қаражат бөлінеді? Үш айда команда 6 00000000 миллион теңгені жұмсап тастаған. Үш айдан кейін ақша таусылады. Ал одан кейін не істейді, қалған алты айға тағы ақша бөледі ме?", - деген еді өз шағымында Ақтау тұрғыны. Айта кетейік, «Каспий» Бірінші лигада көш бастап тұр. Ақтаулық команда екі турда 6 ұпай олжалаған.