Жарнама
Жарнама

"Каталондықтар" УЕФА суперкубогін қанжығасына байлады немесе “Барселона” “Портудың” екі аяғын бір етікке тықты

27.08.2011, 17:32
Жарнама
Жарнама
Кеше Монакодағы «Луи 2» атындағы стадионда футбол тойы өттi. УЕФА суперкубогіне көз сатқан қос тарлан “Порту”мен “Барселона” “мүйiздестi”. Биылғы суперкубок кiм бұйыратынын асыға күткен жанкүйерлер Монакодағы “Луи 2” стадионын лық толтырды. Көпшiлiк күткендей ойын болды өзi де.  Бірнеше мәрте ақтық сынға жетіп жығылған «айдаһарлар» деген лақап атқа ие Португалияның маңдайалды командасы  “Барселонадан” айласын асыра алмады. “Барселона” бапкері Хосеп Гвардиола Кубокті екінші мәрте еншілеп, бұл көрсеткіш бойынша сэр Алекс Фергюсон, Луис ван Галь, Карло Анчелотти сынды белді бапкерлермен теңесті. Ал, «Атлетиконың» жетістігін қайталауға тырысқан Халктың командасы әлі біраз армандайтын тәрізді )). Қос клуб та ойынды сергек бастады. Витор Перейра шәкiрттерi соңғы рет "каталондықтармен 2001-2002 жылы өткен Чемпиондар лигасында кездесіпті. Бiрақ тағы да “Барселона” аяқтарына тұсау болды. Сол кездегi жеңiлiстiң кермек дәмi таңдайдан әлi кете қоймаған «айдаһарлар» қанша жерден тырмысқанымен, Виктор Вальдес қорыған қақпаға қарай андыздай алған жоқ. Ал, өз кезегінде кәрі құрлықтың үздік ойыншысы  Лионель Месси Фредди Гуарин қателігін, өз пайдасына шешті.  Элтонмен жеке қалған Лео жаңылмастан, допты қарсылас қақпасына енгізе салды. ( Оның әперген пасын өз командасынан ешкім голға айналдыра алмайтынын анық сезген Фредди Гуарин допты айып алаңында ойқастаған Леоға  асырды, ал Лео ... ) Бұған қапаланған, "Порту" парша-парша тер шыққанша  барын салды. Бірақ, бұның бәрі құр шабыс қана болды. Есесіне Роланду Мессиді шалып жығып, қыша қағаздың қызылын қанжығасына байлады. Олардың есепті теңестіреміз деген үмітін  Фабрегас су сепкендей басты. Леоның әуелеткен әдемі пасын, кеудесімен тіреп, допты қақпаға бір-ақ сүңгітті. Осыдан кейін салы суға кеткен Фреди Гуарин Маскераноға қарсы бұзықтылығымен танылып, ол да алаңнан қуылды. Қос басы шабылған "айдаһар" Монако төрінде жан тапсырды. Осылайша "каталондықтар" УЕФА суперкубогін қанжығасына байлады. Ал, Леоның УЕФА суперкубогінде гол соқсам деген арманы орындалды. Екінші голдың авторы Фабрегас болса "Барса" сапында үшінші ойынын  өткізіп, үшінші титулын қанжығасына байлады. Пеп Гвардиола 4-жылда 12-титул алып, "каталондық" клубтың бұрынғы бапкерлері жете алмаған жетістікке қол жеткізді. Ал Порту ше ?????? Арманда кетті, арманда... Еуропа суперкубогі Барселона (Испания) — Порту (Португалия) 2:0 Голдар: Месси, 39; Фабрегас, 88 Барселона: Вальдес, Алвес, Абидаль, Хави, Иньеста, Маскерано, Кейта, Коррея (Бускетс, 63), Вилья (Санчес, 61), Месси, Педро (Фабрегас, 80) Порту: Элтон, Фусиле, Роланду, Сэпунару, Отаменди, Гуарин, Моутинью, Родригес (Варела, 69), Соуза (Фернандо, 77), Клебер (Белуччи, 76), Халк Ескерту: Иньеста, 51 - Родригес, 30; Роланду, 65; Гуарин, 82 Алаңнан қуылды: Роланду, 86; Гуарин, 90 Төрешілер: Куйперс (Нидерланды) Монако. "Луи II" Статистика Барселона - Порту Голдар: 2 - 0 Қақпаға дәл бағытталған соққы: 5 - 2 Қақпадан қиыс кеткет соққы: 2 - 3 Бұрыштама добы: 5 - 7 Тәртіп бұзды: 9 - 18 Сары қағаз: 1 - 4 Қызыл қағаз. 0 - 2

"Каталондықтар" УЕФА суперкубогін қанжығасына байлады.

Статистика uefa.com және eurosport.ru сайтынан алынды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров