Дастан Сәтпаев қосымша медициналық тексеріс үшін Доха қаласына аттанды.
17 жастағы шабуылшы жарақатының кесірінен ел құрамасының кешегі Лихтенштейнге қарсы кездесуінен шет қалып еді (4:0). Сәтпаев дәрігерлердің болжауынша, Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы ойыннан да босатылады екен.
2025 жылы Сәтпаев “Қайрат” үшін 31 матч өткізіп, 14 гол мен 8 голдық пас берді. 2026 жылдың тамыз айында Дастан 18 жасқа толысымен лондондық Челси клубымен келісім шартқа отырады.
Біздің серіктес: FONBET