Оралдың “Ақжайығы” Бірінші лиганың 25-турында “Қайсар-2” ұжымынан басым түсті.
“Петр Атоян” стадионында өткен кездесуде бір ғана гол соғылды. Оның авторы алаң иелерінің ойыншысы Магомед Оджиев атанды. 11 минутта көзге түскен ол “Ақжайықтың” 3 матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.
Еске салсақ, оралдық команда осыған дейін “Хан Тәңірі” (1:0), “Алтай” (2:1) және “Қайрат” 2 ұжымдарынан жеңіліс тапты.
“Қайсар” командасы болса, бұл кездесу алдында Вахид Масудовтың “Алтайын” 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Біздің серіктес: FONBET