Жарнама
Жарнама

Кавани нәсілшілдік әрекеті үшін жазалана ма?

18.12.2020, 01:04
Каваниге бұл әрекетін түсіндіру үшін уақыт берілді.
Жарнама
Жарнама

Англия футбол қауымдастығы (FA) өз сайтында «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Эдинсон Каваниге тағылған айып туралы пікір білдірді.

Еске салайық, Англия Премьер-лигасының 10-турында «Саутгемптонмен» болған матчтан (3:2) кейін Кавани әлеуметтік желідегі жазылушылардың бірінің құттықтауына жауап бере отырып, «Gracias negrito» («Рахмет, қара») деп жазды. Үш сағаттан кейін уругвайлық шабуылшы жазбаны өшіріп тастады, бірақ бұл пікірді футбол қауымдастығы көріп үлгерген екен. 33 жастағы футболшыны кем дегенде үш матчқа шеттетуі мүмкін екендігі тұрғаны хабарланған болатын.

«Эдинсон Каваниге әлеуметтік желідегі ережелерді бұзғаны үшін айып тағылды. Ережеге сәйкес, ойыншы Instagram-да орынсыз және футбол беделіне нұқсан келтіретін пікір қалдырды. Каванидің бұл пікірі ол адамның терісінің түсіне, нәсіліне немесе этникалық түріне қатысты болғандықтан, заң бұзушылық туралы тармаққа сәйкес келеді. Ойыншы 4 қаңтарға, дүйсенбіге дейін тағылған айыпқа жауап беруі керек», - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров