Жарнама
Жарнама

Қазақ баласы Еyропа футболының болашағы атанды

29.11.2025, 17:05

Италияның беделді инсайдері Джанлука Ди Марцио Дастан Сәтпаевты Еуропа футболының келбетін қалыптастыратын жас дарындардың бірі ретінде бағалады, деп хабарлайды Aladop.kz.

gianlucadimarzio.com
Жарнама
Жарнама

https://gianlucadimarzio.com/dadason-satpaev-karl-dowman-champions-league/

Оның ресми сайтында жарық көрген арнайы материал қазіргі маусымда Чемпиондар лигасы мен УЕФА Жастар лигасында жарқырап көзге түскен жас ойыншыларға арналған.

Ди Марцио мақаласында Сәтпаевпен бірге “Қайратқа” гол соққан "Копенхаген" шабуылшысы Виктор Дадасон, "Бавария" жартылай қорғаушысы Леннарт Карл және "Арсенал” вингері Макс Дауман да атап өтілген. Автор бұл ойыншылардың ойыны кездейсоқ жарқ ету емес, жүйелі дамудың нәтижесі екенін ерекше баса айтады.

Мақалада былай делінген:

"Олардың голдары мен ойындары — бір реттік сәттілік емес,. Жауапкершілікті ерте қабылдау, алаңға шыққан сәтте әсер қалдыру, жастарға сенетін орта — бәрі олардың өрлеуіне жағдай жасап отыр. Олар өз таңдауының дұрыс екенін дәлелдеп, алдағысы бұдан да жарқын болатынын көрсетуде."

Ди Марцио бұл төрт ойыншыға ортақ бір ерекшелікті атап өтті:

“Ерте қалыптасқан мінез, футболға деген шексіз құштарлық және үлкен ойындарға еш қысымсыз шығатын сенімділік."

"Дадасон, Сәтпаев, Карл және Дауман — бір бағыттағы ойыншылар. Олар жас болса да, тәжірибелі футболшылар секілді әсер қалдырады. Алаңға шығады, гол соғады, команданың ойынын өзгертеді. Олар өз сәтін күтіп отырмайды — өз мүмкіндігін өзі жасайды. Егер бұл тек бастамасы болса, онда болашақ біз күтетін нәрсе емес, қазір көз алдымызда қалыптасып жатыр." — деп жазады Ди Марцио.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров