Алматылық футболға өмірін арнаған Біржан Аманжанович Бақизов 59 жасында Минск қаласында дүниеден озды.
Біржан Бақизов футзал бапкері болып еңбек етіп, Жоғарғы лига клубы "Аңсардың” басшысы қызметін атқарды. Сонымен қатар Ұлттық футбол лигасында жұмыс істеп, елдегі Бірінші лига ойындарының өткізілуіне жауапты болды. Көп жылдар бойы Қазақстан чемпионаты мен кубогында футзалдан ҚФФ инспекторы ретінде қызмет атқарды.
Соңғы айларда ол бауыр циррозына байланысты Минскіде ем қабылдап жүрген болатын. Достары, әріптестері мен шәкірттері оны мейірімді, жарық жүзді, өз ісіне адал нағыз кәсіби маман ретінде еске алады.
– KazFootball.kz
Біздің серіктес: FONBET