Жарнама
Жарнама

Қазақ футболының келешегі алаңдатады

Осы күндері Беларусь астанасы Минскте 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында УЕФА-ның даму Кубогы өтіп жатыр. Бұл дәстүрлі турнирде Қазақстан-U15 ұлттық құрамасы да өнер көрсетуде. 

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Еліміздің бас командасының соңғы жылдардағы жетістіктерінен кейін келешекте мұнан да мықты аяқдопшылар өсіп шықса дейміз ғой. Бірақ, Беларусьте өтіп жатқан бәсекеде біздің балалардың ойыны мүлдем көңіл көншітпей тұр. Нәтижелерін естіген жанкүйер қайғы-мұңға батып кетеді. Алғашқы кездесуінде ресейліктерге қарсы ойнаған қазақстандықтар 7-0 есебімен жер болып жеңілді. Әлеммен байланысы үзіліп, санкциядан тоқырап қалды деген орекеңдер біздің балаларды жеті орап, шаңына да ілестірмей тұр. Жарайды, Ресей футболы бізден әлдеқашан ілгерілеп дамып кеткен ғой деп өзімізді жұбатқандай болдық. Мүмкін жастарымыз алғашқы ойында психологиялық тұрғыда жанып кеткен шығар. 

Одан кейін, жас аяқдопшыларымыз алаң қожайындарымен шеберлік байқасты. Бұл мачта да беларусьтік жастар ә дегеннен басымдыққа ие болып, ойынның басында жылдам гол соқты. Екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпей тағы екі гол ұрып есепті 3-0-ге жеткізген. Абырой болғанда, ойын соңына таман ұлы даланың ұландары бас көтеріп, шабуылға ұмтылды. Сөйтіп жүріп екі рет қарсылас қақпасынан саңылау тауып үлгерді. Бірақ, одан әріге уақытта, балалардың күші де жетпей қалды. Қорытынды есеп 3-2 алаң иелірінің пайдасына аяқталды. 

Осылайша, екі ойында өз қақпасына 10 гол жіберіп, екі мәрте гол ұрған Қазақстан-U15 құрамасы турнирді өте сәтсіз бастады. Келесі қарсыласы Әзірбайжан. Қазақ жанкүйерлері ел футболының болашағы осы балалардың қолында деп сенім артып отыр. Ал жас аяқдопшыларымыздың мына аяқ алысына қарап не қайыр, не үміт бар дейсің. Балалар футболына мықтап көңіл бөлінбесе қазақ футболының болашағы бұлыңғыр секілді. Ойланатын мәселе, ағайын... 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров