Freedom QJ League-тің өткен маусымында бірнеше жас қақпашылар өздерін көрсете алды — олар алдағы жылдары Қазақстан Премьер лигасында да, халықаралық деңгейде де өз атын шығаруы мүмкін.
Соның ішінде ерекше көзге түскендердің бірі – "Ертіс” клубының қақпашысы Мадияр Төлеубек. Ол маусым қорытындысы бойынша Лиганың ең үздік қақпашысы атанды. 18 матчтың 5-інде қақпасына гол жібермей, 77 сейв жасады.
Бұдан бөлек, Мадияр QJL All Star құрамасы сапында Мадридтік "Атлетикоға" қарсы өткен кездесуде қақпаны қорғаған еді. Испандықтар жеңіске тек пенальти сериясында жеткен, ал Төлеубек сол ойында Қазақстандық команданың үздігі атанып, Changan MVP of the Match жүлдесін иеленді.
Тағы бір есім – "Жас Қыран” клубының қақпашысы Махмуджан Сұңғатуллин. Ол маусымның ең үздік сейві үшін QJ League арнайы марапатына ие болды.
Футболда қақпашылардың мансабы әдетте ұзақ әрі тұрақты келеді. Олардың шарықтау кезеңі көбіне кеш басталады. Сондықтан қазіргі бұл жас таланттардың нағыз жұлдыз сәті әлі алда деп үміттенеміз.
Біздің серіктес: FONBET