Қостанайдың "Тобыл" командасының қорғаушысы Егор Хвалько Қазақстанның Азия футбол конфедерациясына қайта оралу мүмкіндігі туралы өз ойын бөлісті.
– Егер Қазақстан АФК-ға қайта оралса, бұл елдегі футбол дамуына әсер етер ме?
"Менің ойымша, жоқ. Қазақстан – үлкен ел, әлеуеті мен таланттары мол. Барлығы басшылардың мүмкіндіктерді қалай пайдаланатынына байланысты. Балалар футбол мектептерін дамыта ма, инфрақұрылымды жетілдіре ме. Азияға өту ештеңе өзгерте қоймайды.” – деді Хвалько Bel.football-ға берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET