Юсуп Шадиев Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы өтетін ойындарына болжамын беріп, Әли Әлиевтің болашағы жайлы пікірін айтты.
Отандық маманның пікірінше, ұлттық команданың наурыздағы екі матчтағы нәтижесіне қарамастан Әлиевпен байланысты үзбеу керек.
«Лихтенштейнмен» жеңістен дәмеленуге болады, ал Уэльспен қиындау сияқты. Әсіресе, кездесудің сырт алаңда өтетінін ескерсек, ұлттық командаға оңай соқпайын деп тұр. Әли Әлиевті қандай жағдайда да орнынан алудың мәнісі жоқ. Сендік екен енді оған мүмкіндік беру керек. Оның үстіне оның әлі ұлттық құрамамен жұмыс істеген тәжірибесі жоқ. Шахматпен салыстырып айтатын болсақ, қазір Әлиевте цейтнот (уақыттың аздығы). Уақыт тапшы, ал нәтиже дәл қазір қажет. Қалай дегенде де, бұл жай ғана жолдастық ойындар емес, Әлем біріншілігінің іріктеу кездесулері ғой», - деді Ю. Шадиев.
Қазақстан Әли Ханәлиұлының бастауымен 22-наурызда Уэльске қарсы тұрады, тағы үш күннен кейін Лихтенштейнмен шеберлік байқасады. ӘЧ-2026 іріктеуіндегі қалған қарсыластарымыз – Бельгия, Солтүстік Македония. Қазақстан осы құрамалармен бірге J тобында өнер көрсетпек.
Біздің серіктес: FONBET