Жарнама
Жарнама

“Қазақстан алып мемлекет, бірақ әлсіз қарсылас” BBC Ұлттық құраманы менсінбеді

04.09.2025, 09:30

Британдық BBC Sport басылымы Қазақстан — Уэльс матчы аллында Қазақстандық футболшылардың деңгейіне қатысты пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

"Бұл Уэльс ерлер құрамасының іріктеу матчтары тарихындағы ең ұзақ сапары болмақ. 2022 жылы Уэльс әйелдер құрамасы да дәл осы стадионда ойнау үшін 7000 мильдік жолды еңсерген. Бірақ мұндай алыс қашықтық Валлий жанкүйерлерін тоқтата алмады. Астанаға 1000-нан астам жанкүйер келді.

Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған, екі құрлыққа созылып жатқан алып мемлекет. Алайда футбол тұрғысынан алғанда, олар "ұсақ балық". Құрама әлемдік рейтингте 114-орында, Уэльстен 83 саты төмен.

Дегенмен, наурыз айында Кардиффте өткен алғашқы ойында Қазақстан Уэльске жақсы қарсылық көрсетті. Сол матчта 2023 жылдан бергі алғашқы голын соғып, есепті теңестіргенімен, ақыр соңында Крейг Беллами шәкірттеріне 1:3 есебімен жол берген еді.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасындағы төрт футболшы Алматының "Қайрат” клубының намысын қорғайды. Бұл команда өткен айда Чемпиондар Лигасы іріктеуінде "Селтикті” жарыстан шығарған болатын." — деп жазды BBC.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров