“Жетісу”, “Шахтер”, “Ақсу” және “Тұран” командаларында доп тепкен жартылай қорғаушы Дэвид Мавутор тәжікстандық “Равшан” Куляб сапын толықтырды.
“Равшан” командасы Дэвидке тансық емес. Ол осыдан 11 жыл бұрын Куляб ұжымымен келісімге келген. Хатлон уәлятының командасынан бөлек, Мавутор “Истиқлол” намысын қорғаған. Душанбедегі жорығынан кейін ол “Жетісуге” ауысты. Содан бері 32 жастағы аяқдопшы әр жылдары Шахтер, “Ақсу” және “Тұран” жейдесінде алаңға шықты.
Қазақстанда Дэвид “Шахтермен” бірге 2021 жылғы Қазақстан Кубогының финалиті атанды.
Трансфермаркет Мавуторды 125 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET