“Ордабасы”, “Мақтаарал” және “Жетісу” клубтарында доп тепкен жартылай қорғаушы Виктор Брага венгриялық “Дебреценмен” келісімге келді.
23 жастағы жас ойыншы Премьер-лигадағы үш команданың сапында жалпы алғанда 61 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Осы маусымды Брага талдықорғандық “Жетісу” сапында бастағанын айта кетейік. Мұнда бразилиялық Қайрат Нұрдәулетов баптайтын ұжымда барлық турнирлерді санағанда 16 матчта алаңға шықты.
Өз отанында Виктор “Авенида”, “Сантос Б”, “Санта-Круз” және “Лондрина” клубының намысын қорғады. Соңғы аталған ұжымнан жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатына ауысты.
Айта кетейік, “Дебрецен” командасын Каспий мен “Астананың” экс-бапкері Срджан Балгоевич баптайды.
Біздің серіктес: FONBET