«Football Meets Data» аналитикалық X-аккаунты жариялаған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан 2026/27 маусымындағы Еурокубоктардың іріктеу кезеңінде стадиондардың толу көрсеткіші бойынша 13-орынға ие болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстандағы үй иесі стадиондарының орташа толу көрсеткіші 69,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш орта есеппен 11 649 көрерменге тең болды. Осы маусымда Eурокубоктарда ел намысын төрт клуб қорғады:
«Қайрат»
«Астана»
«Тобыл»
«Елімай»
Бұл рейтингтегі көшбасшы елдердің тізімі төмендегідей:
1. Чехия*— 90,4%
2. Италия — 89,9%
3. Нидерланды — 89,4%
4. Франция — 87,0%
5. Шотландия — 78,1%
Біздің серіктес: FONBET