Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-17) Еуропа чемпионаты іріктеуінде бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
AmanVibe.kz сайтының мәліметіне сүйенсек біздің команда тұңғыш рет элиталық кезеңге — Лига "A” сатысына өтті. Бұл — Қазақстандық жастар футболы тарихындағы айтулы белес.
Қазақстандық футболшылар шешуші ойында Албания құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Гол авторлары — Роман Черноморец пен Абылай Жылқайдар.
Іріктеу турнирінде Қазақстан 8-топта бақ сынады. Бұл топтың құрамында Еуропаның жасөспірімдер футболында үздіктер қатарындағы Хорватия, Нидерланды және Албания сияқты мықты қарсыластар болды. Соған қарамастан, біздің жас жігіттер топта бірінші орын және тарихи түрде элиталық раундқа жолдама алды.
Бұл жетістік — Қазақстан футбол мектебінің дамып келе жатқанының жарқын дәлелі.
Енді Қазақстан құрамасы Еуропаның үздік жас командаларымен элиталық кезеңде күш сынасып, негізгі турнирге жолдама үшін күреседі.
Біздің серіктес: FONBET