Жарнама
Жарнама

Қазақстан Футбол Федерациясын басқаратын жаңа Президенттің есімі белгілі болды

Бүгінде жетім баланың күйін кешіп тұрған Қазақстан футбол федерациясына жаңа басшы сайланатын уақыт жақын. Және ел футболын басқаратын жаңа Президенттің есімі әзірден белгілі секілді.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Сенімді дерек көздерден келіп жеткен инсайдқа сенсек, ҚФФ Президенті қызметіне БАҚ өкілдеріне есімі жақсы таныс Руслан Желдібай келмек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы қазіргі таңда Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді. Руслан Сұлтанұлының өмірбаянына үңілсек, бұған дейін футбол түгілі спортқа түк қатысы болмаған. Яғни, Ақорда бетімен кеткен қазақ футболын өз қолына алып, 30 жыл бойы әбден шіріген жүйені түп-тамырымен жоюға күш салмақшы. Өйткені, қазір ел футболында бірнеше ықпалды мүдделер ҚФФ Президенттігіне өз адамын қоюға ұмтылып, жанталасып жатыр. Тіпті, олар Ұлттық құраманың жарқын жетістікке жетуіне ықпал етіп, қазақ футболына қан жүгірткен Әділет Бәрменқұловты да жолдан тайдырды. Бірақ, “күштінің арты диірмен илейді” дегенімен Ақордаға олардың әлі жетпейтіні анық. Демек, “қара пиғылдылардың” бұл жоспары көкке ұшты деген сөз. Жаңа басшы болып Руслан Желдібай келсе, оған бірінші кезекте Қазақстан Футбол Федерациясының айналасында тек өз мүддесін ойлайтын біраз «қара кардиналдарды» жүйеден тазартып, жұмысты жаңа парақтан бастауы керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров