Қазақстан футбол федерациясы жекелеген футбол клубтары өкілдерінің матчтарда артықшылыққа ие болу үшін төрешілердің жұмысына ықпал ету әрекеттері туралы мәліметтерді анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тотальный Футбол KZ телеграм арнасының хабарлауынша, ҚФФ алынған ақпарат пен мән-жайларды зерттей келе, бір арбитрді өмір бойына шеттету туралы шешім қабылдады. Әзірге төрешінің есімі жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта мынадай заңсыз әрекеттер туралы ақпарат зерттеліп жатыр:
– Төрешілерге ақшалай сыйақы ұсыну
– Арбитрлерге қысым көрсету
– Матчтардың барысы мен нәтижесіне әсер етудің басқа да тәсілдері
Федерация мұндай жағдайларға қатысты барынша қатаң ұстанымда. Тіпті, спорттық жарыстарды манипуляциялағаны үшін жауапкершілікті қылмыстық деңгейге дейін күшейту мәселесі көтерілуі мүмкін. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жалғасуда және бұл істің әлі де дамуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.
Біздің серіктес: FONBET