Жарнама
Жарнама

Қазақстан әйелдер футболындағы жаңа рекорд

19.05.2025, 22:24

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 6-турында «Ақтөбе» командасы қарсылас қақпасына жауапсыз 19 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Ақтөбелік футболшылар биылғы маусымда ерекше қарқынмен өнер көрсетіп келеді. Команда бұл жолы да жанкүйерлерін таңғалдырып, «Атырау» командасын 19:0 есебімен ойсырата жеңді.

Үздік көрсеткіш

Маусым басталғалы бес кездесуде төрт жеңіс және бір тең нәтиже көрсеткен ақтөбеліктер қарсыластарының қақпасына барлығы 55 гол соқты. Қорғаныста да берік. Небәрі 2 гол ғана жіберген.

Бұл нәтиже ел чемпионаты тарихындағы ең ірі есеп ретінде тіркеліп отыр. Бұған дейінгі рекорд Түркістанның «Тұран-Томирис» командасына тиесілі еді. Олар екінші турда «Оқжетпесті» 18:0 есебімен ұтқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: