Жарнама
Жарнама

Қазақстан Кюрасаоны сенімді жеңіп, Уэльске аттанды

20.03.2025, 09:17

Ұлттық команда Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарын, үшінші жеңісімен аяқтады.

Қазақстан құрамасы
Жарнама
Жарнама

Әли Әлиев жаттықтарын Қазақстан бұл жолы Кюрасао ұлттық командасымен жолдастық кездесу өткізіп, жауапсыз екі доп соқты. Матчың 15-минутында Максим Самородов жеке шеберлігін паш етсе, арада көп уақыт өтпей жатып Асхат Тағыберген айып добын керемет орындап (36-минут) есепті еселеді. Қортынды есеп 2:0. Айта кетейік, Қазақстан осыған дейін ОЖЖ барысында «Зениттің» жастар командасы мен Швецияның Екінші дивизионында өнер көрсететін клубтан басым түскен болатын.

Енді құрама команда бүгін Уэльске сапар шегеді. Онда наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Крейг Белламидің командасына қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң Қазақстан сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров