Қазақстан құрамасы Армения мен Әзербайжанға қарсы ойындарға дайындығын пысықтап бітті

Руслан Балтиев уақытша жаттықтыратын ел құрамасы Алматыдағы ОЖЖ аяқтады.

Бір күнге созылған дайындықтан кейін біздің жігіттер 7 маусымда өтеді деп жоспарланған Еревандағы ойынға жол тартты. 

Арменияда ойын өткізгеннен кейін Қазақстан 11 маусым күні Мажарстандағы Сомбатхей қаласында Әзербайжанға қарсы тұрады. 

Айта кетейік, ОЖЖ барысында ел құрамасы сапынан Ислам Чесноков (аяқ жарақаты), Александр Зуев пен Бекхан Шайзада (екеуі де - ЖРВИ) кетуге мәжбүр болды. Команданың үшінші қақпашысы ретінде “Қайрат” ойыншысы Данил Устименко шақыртылды. Ал Ваня Свиридов болса, U-21 қосынына қосылды.