Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде тамаша нәтиже көрсетіп келеді.
Юлия Мамонова баптайтын қазақ қыздары іріктеудің екінші кездесуін Талғарда өткізді. Қарсылас — Босния және Герцеговина құрамасы. Матч өте тартысты өтіп, екі команда да бірнеше мүмкіндік жасағанымен, есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.
Бұл тең ойынның арқасында Қазақстан құрамасы В3 тобының көшін сақтап қалды. Қазір біздің қыздар 4 ұпай жинап, бірінші орында тұр.
Олардан кейін үш ұпайдан жинаған Грузия мен Латвия, ал Босния және Герцеговина бір ұпаймен соңғы орында.
Біздің серіктес: FONBET