Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіз бастауы ФИФА рейтингіндегі жағдайға да әсер етті. Үш ойыннан кейін команда рейтингте бірден бес сатыға төмендеп, 116-орынға түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстанның қазіргі көрсеткіші — 1166,65 ұпай. Бұған дейін Ұлттық құрама 1180,78 ұпаймен 111-сатыда тұрған. Осылайша үш матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан 14,13 ұпай жоғалтқан.
Рейтингтегі алғашқы шығын 26 қыркүйекте тіркелді. Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнап, 0,63 ұпайдан айырылды. Одан кейін команда Словакияға 1:2 есебімен есе жіберіп, тағы 3,65 ұпай жоғалтты.
Ал Молдоваға қарсы Астанадағы кездесу рейтинг тұрғысынан ең ауыр соққы болды. Қазақстан 1:2 есебімен жеңіліп, бірден 9,84 ұпайдан айырылды. Нәтижесінде үш турдан кейін Джон ван ’т Схип шәкірттерінің еншісінде небәрі бір ұпай бар.
Қазақстан қазір Ұлттар лигасының С дивизионындағы өз тобында соңғы орында келеді. Команда алғашқы үш кездесуде жеңіске жете алған жоқ: Фарер аралдарымен — 1:1, Словакиямен — 1:2, Молдовамен — 1:2.
Дегенмен 116-орын әзірге ресми нәтиже емес. ФИФА-ның ресми сайтында Қазақстанның соңғы бекітілген рейтингі 111-орын екені көрсетілген. Жаңа ресми рейтинг 7 қазанда жарияланады.
Қазақстанның рейтингтегі жағдайын жақсартуға келесі мүмкіндік 6 қазанда беріледі. Ұлттық құрама Астанада Ұлттар лигасының төртінші турында Фарер аралдарын қабылдайды. Бірінші кездесуде командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын.
Біздің серіктес: FONBET