ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 64 команда қатысатын форматта өткізуге дайын.
Ұйым Оңтүстік Америка футбол қауымдастықтары одағының ұсынысын қолдап отыр. Жаңа формат бойынша турнирде 16 топ болады, әр топта 4 командадан өнер көрсетеді. Әр топтан екі үздік команда плей-оффқа шығады. Ойындар Испания, Португалия, Марокко, Аргентина, Парагвай және Уругвай елдерінде өтеді. Сонымен қатар, әлем чемпионатының үш тобы толықтай Оңтүстік Америкада ойнайды, қалған кездесулер Еуропа мен Африкада болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ФИФА қатысушы командаларды 32-ден 48-ге дейін көбейтті. Алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына да 48 команда қатысады. Осы кеңейту арқылы көптеген елдер тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, мысалы, Өзбекстан мен Иордания. Ал 2030 жылғы турнирде командалар саны тағы да көбейсе, Қазақстанның да чемпионатқа шығу мүмкіндігі артады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльске (0:1) ұтылған соң Қазақстан негізгі турнирге шығу мүмкіндігінен айырылған еді.
Біздің серіктес: FONBET