Әлемнің үздік құрамалары жиналатын турнир 14 қыркүйек күні өз бастауын алады.
Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Рикардо Какамен бірге 14 ойыншы келді. Ақтық тізімде жалпы 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы бар.
Қазақстаннан аман-есен жеткен спортшыларымызды мундиальдың маскоты Хан күтіп алды. Осылайша ел құрамасы футзал мерейтойының тап ортасына тап болғанына көзі жетті.
Қазақстан Әлем чемпионатында Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бақ сынасады.