Ел құрамасы ФИФА рейтингінде 100 орынға көтерілу үшін бүгін Арменияны ұтуы қажет.
Қазіргі сәтте біздің жігіттер рейтингте 102 орында тұр. Командада жалпы 1203,64 ұпай бар. Егерде Ереванда өтетін бүгінгі кездесуде жеңіске жетсек, онда 5,021 ұпай еншілеп, алдымызда келе жатырған Тәжікстан мен Таиланд құрамаларын артта қалдырамыз. Дегенмен бір ғана жеңісті ойын үздік 100-тің қатарынан табылу үшін жеткіліксіз болады. Себебі, алдағы уақытта өз ойындарын өткізетін қос ұжым қарсыластарынан басым түспеуі керек. Сонда ғана Қазақстан діттегеніне жетеді.
Бүгінгі кездесуден кейін Руслан Балтиев бастап шығатын команда 11 маусым күні Мажарстандағы Сомбатхей қаласының “Халадаш” стадионында Әзербайжан құрамасымен кім мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: FONBET