Қазақстан құрамасы маусым айында қос ойын өткізбек

Магомед Адиев баптайтын ел құрамасы жаздың алғашқы айында қос кездесу өткізеді.

7 маусым күні біздің жігіттер Ереван қаласында Армениямен бақ сынасады. Матч Вазген Саркисян атындағы стадионда өтеді деп жоспарланған. Жалпы Қазақстан Арменияға қарсы 7 ойын өткізген (4 жеңіс Армения еншісінде, 1 жеңіс біздің жігіттерде және 1 тең ойын). 

11 маусым күні ел құрамасы Әзербайжанды нейтралды алаңда қабылдайды. Ойын Мажарстандағы Сомбатхей қаласында өтеді деп жоспарланған. Әзербайжан футболшыларыда бізге тансық емес. Өз тарихымызда бұл құрамамен барлығы 11 ойын өткізгенбіз (3 жеңіс Әзербайжан, 5 жеңіс Қазақстан, қалған 3 ойында қос ұжым тең тарқасқан).

Құрам 2 маусым күні Алматы шаһарында бас қосады. Оған шақырту алған футболшылар тізімі Премьер-лиганың 9-турынан кейін белгілі болмақ. 

Материалда: