Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев жақын аралықта “Тобыл” сапын толықтырады деп күтілуде.
Футболшыға “Ақтөбе” ұжымы қызығушылық білдірді. Алайда Зуевтың таңдауы “Тобылға” түсті. Жартылай қорғаушының Қостанай жерінде туылғаны Александрдың бұл шешімге тоқталуына үлкен сеп болуы мүмкін.
Еске салсақ, Зуев 1996 жылы Қостанайда туылған. Бірақ 2005 жылы Челябі жеріне қоныс аударып, мансабының басым бөлігін сонда өткізді.
Өткен жылы Александр Қазақстан азаматтығын алып, құрамаға шақыртыла бастады. Ол өз мансабында сербиялық ИМТ, ресейлік “Крылья Советов", "Химки", "Рубин", "Ростов" және "Спартак" клубтарында доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET